Екіжақты келісім

Екіжақты келісім
ашық дереккөз
Екіжақты келісім
ШУ АУДАНЫ. Өткен жылдың соңында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Шу ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Жақында Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен серіктестік өкілі Жағыпар Шәріпұлы кездесіп, екіжақты келісімшарттарын талқылады.  Аталған құжат аясында кәсіпорын ауданның Д.Қонаев, Бірлік және Бірлікүстем ауылдық округтеріне қолдау көрсетіп, әлеуметтік бірқатар игі істерді қолға алуы тиіс болған. Осы аптадан бастап Бірлік стансасының теміржол тығырығына дейінгі ұзындығы 600 метр жол учаскесіне және Шу өзенінің арнасы арқылы өтетін көпірдің жанындағы 300 метрлік айналма жолға асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары басталды. Шатыркөл кенішінен Бірлік стансасының теміржол тұйығына кенді тасымалдау кезінде қазан айына дейін су себу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Жуық арада гамма-сәулелену деңгейінің деректерін көрсететін ақпараттық табло орнатылмақ. Сонымен қатар Д.Қонаев пен Бірлік ауылын жалғап жатқан көпір жөндеуге келмейтіндіктен, жаңа көпір салу жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар