Жаңа дәріхана ашылды

Жаңа дәріхана ашылды
ашық дереккөз
Жаңа дәріхана ашылды
МЕРКІ АУДАНЫ. Тәтті ауылдық округінде көптен бері көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – дәріхана ашу еді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен үшін тұрғындардың керекті дәрі-дәрмегін алуы қиынға соғатын.  Осыған орай «SultanPro-2022» ЖШС-нің жетекшісі Жазира Қартқожаева кәсіпкерлік мақсатта дәріхана жұмысын қолға алған болатын. Жақында Тәтті ауылының орталығында оның ашылу салтанаты өтті. Оған қатысқан округ әкімі Талғат Әлметов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Айта кетсек, кәсіпкер Ж.Қартқожаева 2020 жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Кейін мал басын өсіріп, дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан шағын несие алып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар