- Advertisement -

Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды

75

- Advertisement -

Қазақстанда тыйым салынған ДВК экстремистік ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Бұған дейін хабарланғандай, сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған «ДВК/ Көше» (ДВК) экстремистік ұйымының жақтаушылары белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның үш жақтаушысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырған. Сонымен қатар, аталған үш адам мемлекеттік мүлікке зақым келтірген. Бұл іс бойынша сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілеріне қатысты 32 қылмыстық іс бар .

Мемлекеттік объектілерді өрттеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі болды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support