«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жұлдызы биік Жуалы

Жұлдызы биік Жуалы
ашық дереккөз
Жұлдызы биік Жуалы
19Аудан негізінен аграрлы, Сондықтан да біз бірден-бір сала – ауыл шаруашылығына серпін берудеміз. 20Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, Жуалы ауданының әкімі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасы ауыл шаруашылығын дамытудың басты міндеттерін айқындап берді. Яғни, онда «Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет» делінген. Сондай-ақ, Жолдауда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу де, сауда да, фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту да көзделген. Бір сөзбен айтсақ, Үкімет ауылшаруашылық тауарларын өндіруге ниетті шаруашылықтарға көмек көрсетуге әзір. 24Бүгінгі күні ауданда 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 өндірістік кооператив, 985 жеке кәсіпкер, 10 ауылдық тұтынушылар кооперативі, 2049 шаруа қожалығы бар. Олардың ішінде несие алып, жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп, шаруасын жолға қойғандары да баршылық. Несие шаруашылықтардың көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізуіне, тұқым, жанар-жағармай алуларына да беріліп тұрады. Мәселен, үстіміздегі жылдың басынан бері аудан кәсіпкерлері 521790 мың теңге несие алып, жұмыс істеуде. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың 9 айында 1726,5 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 88,2 пайызды құрады. Бұл сала бойынша жұмыстар атқарылып, жыл соңына өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 116 пайыз орындалады деп болжамдалуда. Мемлекет біраз жылдан бері егілген ауылшаруашылық дақылдарының кейбір түрлеріне субсидия беріп келеді. Есепті кезеңде 550 шаруа қожалығының құжаты қабылданып, 227 миллион 597 мың теңге қаражат берілді. Былтыр жыл бойына бар болғаны 111 миллион теңге субсидия алынған еді. Ауыл шаруашылығы техникасы паркі де жаңартылуда. Оның басым бөлігі лизинг арқылы алынуда. Мәселен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 13 дана «МТЗ-82» тракторы, 1 дана «КУН-10» техникасы алынды. Шаруашылықтардың өз күшімен нақты қаржыға алғаны – 11 дана «МТЗ-82» тракторы мен екі шөп тайлағыш техника. Жыл соңына дейін оларды жаңарту жалғаса бермек. Нұрлыкент ауылындағы «Гамбург» ЖШС қазақтың ақ бас сиырын, асыл тұқымды қара ала сиырын, немістің асыл тұқымды «талпақтанауын» өсіруде. Мұндағы малдың басы да едәуір артқан. Одан бөлек, ауданда тоғыз шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіруді қолға алып отыр. «Шынтас», «Танысқұл ата», «Қалдыбай», «Әлихан», «Нұрсұлтан», «Нарул», «ММ», «Омар», «Бейбітшілік» шаруа қожалықтары Шопан ата мен Қамбар ата түлігінен асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар қатарына өтті. Қазір мұндағылар қазақтың асыл тұқымды жабы жылқысын, мүйізді ірі қарасын, қойын өсіруді мықтап меңгеріп, мал санын көбейтуге өз үлестерін қосып жатыр. Аудан бойынша егін орағына түсетін масақты дәнді дақылдардан барлығы 31,2 мың гектар орылып, өнімділігі гектарына 9,2 центнерден айналды, жиналған өнім 28716 тоннаны құрады. Одан бөлек, 23 111

22

гектарға майлы дақыл, 631 гектар алқапқа көкөніс егілді. 2015 жылдың өнімі үшін 6100 гектар күздік бидай себіліп, 7800 гектар жер өңделді, 15200 гектар сүдігер айдалып, жұмыс жалғасуда. Қысқа берік мал азығы қоры қамдалуда. Жуалының бір кезде даңқын аспандатқан картоп дақылын өсіру қайта қолға алынды. Соңғы жылдары картоп алқаптары бірнеше ондаған гектарға арттырылды. Былтыр ол 1800-ден астам гектарға жетті, ал биыл егілгені – 2122 гектар. Бізде картоп өсіруге қажетті техника жеткілікті. Сапалы тұқыммен қамтамасыз ету де дұрыс жолға қойылған. «Зылиха» шаруа қожалығы жыл сайын Қарағанды облысынан

23

элиталы картоп тұқымын әкеліп, әр гектардан жоғары өнім жинауға күш салып келеді. Ауданның күнгей бөлігіндегі дихандардың жазғы суару маусымында бас ауруына айналған ағын су проблемасы шешімін тапты. Осы алқаптарды суландыратын Көксай арнасының құрылысына Үкіметтен 5,3 миллиард теңге бөлініп, таяуда канал іске қосылды. Қорыта айтқанда, аудан шаруашылықтарының бүгінгі беталысы жаман емес. Бірі диханшылыққа бет бұрса, енді бірі асыл тұқымды мал өсіру бағытын таңдап отыр. Мұның бәрі техниканың жаңаруымен, Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың арқасында қол жеткен табыстар. Ауданда аграрлық саланы әртараптандыру, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу, өңдеуші, ұқсатушы кәсіпорындарды іске қосу жөнінде бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағытта тың ізденістер де жоқ емес. Кейінгі кезде ауданда сүт өңдеумен шұғылданатын шағын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Ақтөбе ауылдық округінің аумағындағы «Азат» өндірістік бірлестігі, Б.Момышұлы ауылындағы «СМТС» ЖШС және «Зағира Мешелова» жеке кәсіпорны жергілікті тұрғындардан сүт қабылдап, одан алуан өнімдер шығаруда. «Гамбург» ЖШС сүттен кілегей өндіруді дұрыс жолға қойды. «СМТС» ЖШС сүт өнімдерімен қатар, алкогольсіз сусындардың алуан түрлерін және шұжық шығарады. Кезінде дәмі тіл үйіретін сары майымен, кілегейімен бүкіл Одаққа танылған Бурный ірімшік зауыты біраз жыл өндірісті қайта жабдықтауға жабылып қалған еді, енді міне инвестицияның арқасында қайта іске қосылып, өндіріс қарқынын арттыруда. Өткен жылы 4-5 тоннамен шектелген кәсіпорын бүгінде тұрғындардан күнделікті 40 тоннаға дейін сүт қабылдап, өңдеуде. Бізде өз ісін ашқысы келетін іскер азаматтар да аз емес. Көпшілігін қаржы тапшылығы қинайды. Екінші деңгейдегі банктер кепілсіз несие бермейді. Сондықтан да қаражатқа қол жеткізе алмай таулары шағылады. Дегенмен, аудан әкімдігі тарапынан олардың бизнес-жоспар жасауына және жер алуына қолдау көрсетілуде. Аудан орталығындағы ірі кәсіпорынның бірі – «Арна Астық» ЖШС біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұр еді. Оны «Агро азық-түлік нанмен жабдықтау» ЖШС басқаруға алды. Серіктестік үш қоймаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, биылғы жаңа астықты қабылдауда. Тағы бір қойманы күрделі жөндеуден өткізіп, мақта, мақсары және күнбағыс майларын шығаратын құрал-жабдықтар орнатуда, жем тартатын цехты іске қосты. Құрылыс саласы да жыл санап дамып келеді. 2005 жылдан бері ауданда 12 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. 22 балабақша мен 1 шағын орталық ыңғайластырылған ғимараттарда ашылып, бүлдіршіндер балабақшаларға баруда. Таяуда Білім күні қарсаңында Б.Момышұлы ауылында 300 орындық мектеп ашылса, 280 орындық балабақшаның құрылысы жүруде. Ол да жақын күндері пайдалануға берілмек. Ертай ауылында 120 оқушыға арналған орта мектеп салынуда. Осыған дейін ауданда 6 медициналық пункт салынса, биыл да 3 денсаулық нысаны іске қосылмақ. Нұрлыкент ауылында ауыз су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Мұның бәрі ауылдың әл-ауқатын көтеру, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық деп ұққан жөн.

18 Биылдың өзінде аудандық мәндегі екі жол, аудан орталығындағы 20 көшенің және бірнеше ауылдық елді мекендердің басты-басты көшелерінің жолдары орта жөндеуден өтуде. Ал бір ғана «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық автожолының өзі неге тұрады, жұртшылық мұның да қызығын көріп отыр. Ауданда барлық салада өз кәсібінің білікті маманы атанып, еліміздің өсіп-өркендеуі, гүлденуі жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматтар аз емес. Жуалының аты сондай азаматтармен айбынды әрі асқақ. Ынтымағы мен бірлігі бекем Жуалы жұртшылығы осылайша жұмыла еңбек етіп, өздерінің тұрмыс-жағдайын, осы арқылы бүкіл аудан экономикасын көтеруге қызмет етуде. Елбасы саясатының өзегі де осы.

Ұқсас жаңалықтар