Жайна, Отан - ана

Жайна, Отан - ана
ашық дереккөз
Жайна, Отан - ана

Өлеңін жазған Болат Мәуленов Әнін жазған Жандос Омаров

Кернейді бойды, Билейді ойды, Даламның даусы – әсемсазым. Ұшамын самғап, Суылдап қанат, Желпіген желі – еркеназым. Сыңсыған орман, Қалғыған қорған, Елімді ойлап еміренген. Болса да мұңсыз, Жатса да үнсіз, Тасың да бірге тебіренген. Қайырмасы: Арай таңдарыңмен, Асқақ арманыңмен, Жайна, Отан -Ана Жайсаң жандарыңмен. Аталық пейіл, Аналық мейір. Шыңдарға шарықтап қондырған. Ағамның жыры, Жеңгемнің сыры, Кеудеме күміс күй толтырған. Мерейім асып, Шабытым тасып, Сеземін керемет кеңдікті. Еңбегім жанып, Мейірім қанып, Аңсаймын ерлік пен елдікті. Қайырмасы: 16

Ұқсас жаңалықтар