- Advertisement -

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ ПЕН ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВКЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАЙМЫН — ПРЕЗИДЕНТ

32

- Advertisement -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашықеевке сөгіс жариялады, — деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұрын енгізілген 7 қант зауытының бүгінде 4-еуі ғана жұмыс істейді. Алматы және Жамбыл облыстарында тек үштен бір бөлігі ғана жүктелген, 31 пайызы. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2026 жылға қарай 6 есеге, 7-ден 43 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, кейінгі төрт жылда қант қызылшасының аумағы үштен бірге азайды.

«Біз импорттық қантқа 90 пайыз тәуелдіміз, бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімге сілтеме жасауға болады, бірақ кез келген жағдайда бұл үкіметтің салмақты есебі. Сондықтан мен министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын», — деді Президент.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support