- Advertisement -

Жеңімпаздарды қошеметпен қарсы алды

44

- Advertisement -

Бірер күн бұрын жамбылдық спортсүйер қауым Орал қаласында техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдары арасында волейболдан өткен республикалық ұлттық лига ойындарынан жеңіспен оралған жерлестерін зор қошеметпен қарсы алды.

Кездесуге облыс әкімдігі білім басқармасының өкілдері мен «Парасат» Тараз колледжінің оқытушы құрамасы арнайы келді. «Парасат» Тараз колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақбаян Нұрқыдыр өз сөзінде айтулы бәсекеде оқу ордасының білімгерлерінен құралған команда ел үмітін ақтағанына тоқталып, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде сайыпқыран спортшылардың жаттықтырушысы Арман Жазықбай білім ошағы тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдауға алғыс білдіріп, еліміз бен облысымыздың абыройын асқақтатуда аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Айта кетейік, жуырда Орал қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдары арасында волейболдан республикалық ұлттық лига ойындары өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 11 команда бақ сынасқан жарыста «Парасат» Тараз колледжінің командасы І-орынды жеңіп алды. Ендеше, біз де кіл мықтының арасынан суырылып шығып, жеңімпаз атанған жерлестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Есен Сағынайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support