Оқығанның беті жарық
* «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірімізде 7 медициналық нысанның құрылысын жүргізу жұмыстары 2008 жылдан бастау алған-ды. Бүгінде оның алтауы іске қосылды. Жетінші нысан – 300 төсектік көпсалалы аурухана облыс орталығындағы «Химиктер қалашығы» аумағынан салынып, келер жылы пайдалануға берілетін болады.
Осы бағдарлама шеңберінде 2008 жылы бір жылдың ішінде 5 мектеп ғимараты (екеуі Тараз қаласында, үшеуі ауылдық жерлерде) еңсе көтерді.
* 2010 жылы мәреден шыққан «Балапан» бағдарламасы аясында күні бүгінге дейін облыста 82 балабақша, 138 шағын орталық ашылған. Қазіргі таңда өңірімізде 2100 орындық 8 балабақшаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 4-еуі биыл, 4-еуі келер жылы пайдалануға берілмек.
* «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы үшінші жыл. Биыл бұл мақсатқа 6, 7 миллиард теңге бөлініп, барлығы 13 999 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Сегіз ай ішінде бұл көрсеткіш 8599 адамға жеткен.
Бұл іс келер жылы да жалғасады. Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы. Өңіріміздегі білім саласының тарихы тым әріден тамырын тартатыны әмбеге аян. Облыста бұл сала күллі еліміздегі халық ағарту ісінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасып, дамыды. Төңкеріске дейін өңірде мұсылман балаларын оқытқан 21 мектеп болды. Алғашқы мектептерді Керімбай Бұралқыұлы, Дербіс Қалабаев секілді болыстар, Әзімхан Кенесарин, Сыдық Абланов, Қарабай Әділбеков, тағы басқа да көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ашқан еді.
Ал 1927-1928 оқу жылында Әулиеата уезіндегі 72 мектепте 6225 бала оқыпты. Келесі жылы Қазақ педагогикалық техникумы Шымкенттен Әулиеатаға көшірілген соң, мектептердің мұғалімдермен қамтамасыз етілуі біршама жақсара түсті. Отызыншы жылдары уезде сауатсыздықты жоюмен қатар, жаппай бастауыш білім беру ісі кең өріс алды. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде нәтижелі еңбегімен танылған мектептер саны да көбейе бастайды. Сонымен қатар, өңірде түрлі салалар үшін білікті кадрлар даярлайтын бірқатар училище, техникумдардың ашылуы тұрғындардың мамандандырылуы ісіне елеулі үлес болып қосылды. Ал қазіргі шақта кез-келген азаматтың жергілікті жердегі бірнеше жоғары оқу орнында білімдерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар.
Облыста 1939 жылдан бастап 1989 жылға дейін облыстық халықтық білім бөлімі жұмыс жасады. Кейін «облыстық білім бөлімі» аталған мекеме атауы бертінде «облыстық білім басқармасы» болып өзгертілді. Облыста бұл саланы әр жылдары Шалтай Оспанов, Нығметулла Киікбаев, Петр Анпилогов, Ходжа Хабибуллин, Задин Сүлеймен, Төлеу Мұхамбеталлин, Машрап Әбжанов, Жатай Жұмаділов, Жантілеу Азизханов, Абдрахман Мамашев, Базар Ұзабаев, Бәтес Егембердиева, Дүйсен Әбдраимов секілді азаматтар басқарды.
Бүгінде облыста 450 мектеп жұмыс істейді, оларда 190 мыңнан астам оқушы білім алуда.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні облыстың білім мекемелерінде 38 эксперименттік, 3 базалық алаң жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2014-2015 оқу жылынан бастап Назарбаев зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында әр ауданда бір-бір тірек мектептері құрылды.
2013-2014 оқу жылында дарынды оқушыларымыз халықаралық, әлем деңгейіндегі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда алған жүлде саны бойынша республикада алдыңғы орынға шықты. Республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен байқауларға 97 мұғалім қатысып, оның 75-і жеңімпаз атанды. Білім саласына айрықша назар аударылып, жақсы жағдайлар жасалуы осылайша облыс ұстаздарын жаңа жетістіктерге жігерлендіруде. Мұның барлығы да Елбасымыздың білім саласына деген үлкен қамқорлығының арқасында мүмкін болды.
Сайып келгенде, жамбылдықтардың білімді де білікті жұртқа айналғанын мақтанышпен айта аламыз. Бұл істе білім қызметкерлерінің үлесі мол..
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді