Облысымыздан шыққан атақты спортшылар

Облысымыздан шыққан атақты спортшылар
ашық дереккөз
Облысымыздан шыққан атақты спортшылар

Жақсылық Үшкемпіров – қазақ халқынан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), классикалық күрестен спорт шебері. Серік Қонақбаев – бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері (Мәскеу, 1980). Сейілда Байшақов – КСРО құрамасының және «Қайрат», «Энергетик» (Тараз) командаларының қорғаушысы. Олег Маскаев – кәсіпқой бокстың WBC жүйесі бойынша әлем чемпионы (2006-2008). Юрий Цхай – Қазақстан Республикасы бокс федерациясының атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Қазақстан кәрістері ассоциациясының» президенті, КСРО мен ҚазКСР-нің еңбек сіңірген бапкері. Феликс Цой – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділовтің ұстазы. Нұрлан Ақүрпеков – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Б. Артаевтың ұстазы. Алексей Ни – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері. Бақтияр Артаев – бокстан Олимпиада чемпионы (Афины, 2004). Ермахан Ыбрайымов – бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000). Ислам Байрамуков – еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері (Сидней, 2000). Болат Ниязымбетов – бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996). Болат Жұмаділов – бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (Атланта, 1996,Сидней, 2000). Марат Мәзімбаев – қазақ халқынан шыққан алғашқы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы (IBA, 2005-2007). Олег Литвиненко – Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Қазақстан чемпионаттарының ең мерген футболшысы (148 гол). Ақжүрек Таңатаров – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, балуан, еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері (Лондон, 2012). Олжас Сәттібаев – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы, 2005 жылы Ливерпульде өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2006 жылы Мароккода өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жүлдегері, 2014 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ғани Жайлауов – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы, 2009 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жүлдегері, 2011 жылы Баку қаласында өткен әлем чемпионатының жүлдегері. Елдос Сметов – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, балуан, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылғы жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2013 жылы өткен Азия чемпионатының жүлдегері, 2014 жылы өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Нұрлан Әбдірайымов – бокстан студенттер арасында әлем чемпионы (2006). Гузалия Гафурова – каратэ-додан тұңғыш Азиада чемпионы, спорт шебері (2010). Светлана Иванчукова – жеңіл атлетикадан командалық сында Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). Шухрат Хусайно-Ахунов – кикбоксингтен Әлем чемпионы. Ахмет Әлиев – армрестлингктен әлем чемпионы. Дмитрий Трубин – армрестлингктен бірнеше дүркін әлем чемпионы. Татьяна Верина – армрестлингктен төрт дүркін әлем чемпионы. Евгений Яровенко – футболдан Сеул олимпидасының жеңімпазы (1988). Алмас Мұсабеков – самбодан әлем кубогінің жеңімпазы. Нигора Нұрматова – регбиден Азия ойындарының чемпионы (2010).

Ұқсас жаңалықтар