Гузалия Гафурова, каратэ-додан Азия ойындарының чемпионы.
Біздің облыс десе ойға бірден оралатыны – спорт. Әлбетте тарихы бай өңірдің сом білекті, жау жүректі ұл-қыздары көптеп болуы да заңдылық. Жаугершілік заманнан бергі аралықта небір талантты спортшылар болды.
Ол үрдіс тәуелсіздік жылдарында да толастаған емес. Оған бір дәлел еліміздің боксшылары таңдаулыларға берілетін Баркер кубогын үш мәрте алған болса, соның ішінде біздің өңірдің былғары қолғап шебері, даңқты Бақтияр Артаев та бар. Одан бөлек ағаларымыз да өңір намысын қолдан бермеу үшін барын салып келеді. Күні кеше ғана Азия ойындарында топ жарған замандасым, дзюдошы Елдос Сметов та облыстың, еліміздің атын тарихқа алтын әріптермен жазды. Мұндай үлгі тұтарлық сәттер облыста жеткілікті. Грек-рим күресінен тұңғыш олимпиада биігін бағындырған ағамыз Жақсылық Үшкемпіровтің де атын ерекше құрметпен атаймыз. Осындай сын сағатта сыр бермейтін оғландары бар өңірдің мерейтойы құтты болсын. Чемпиондар өлкесінде дүниеге келгенім үшін мақтанамын. Абыройымыз аспандай берсін. Біз өз кезегімізде облысымыздың ғана емес, еліміздің туын көкте желбіретуге бар күшімізді салатын боламыз.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




