Бақтияр Артаев, бокстан Афины олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері.
Туған жерім, Жамбыл облысы әрдайым спорттағы жетістіктерімен мақтанған аймақ. Бізге дейін де Жақсылық, Ермахан, Болат ағалар өңірдің ғана емес, еліміздің атын әлемге әйгіледі. Сол ұлт батырларының ізін жалғаушы азамат ретінде біз де қазақтың туын көкте желбіретуге тырыстық. Сол үдеден шыға да білдік.
Жамбыл облысы – дауылпаз дәуірлердің куәсі. Қараханидтер заманынан сыр шертетін, әр тасынан өткен күннің бейнесі, үні, тынысы байқалатын өңір. Сол қасиет қонып құт дарыған елдің саф ауасымен тыныстап, шалғынына аунап өскенімді әрқашанда мақтан тұтамын. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған елдің еңсесі биік екені әу бастан аян. Туған жерім, жер жәннәті Жамбыл облысының тауы да, құмы да, құзы да мен үшін асқан байлық, үлкен шежіре. Облыс халқын бүгінгі жетпіс бес жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Әрдайым жетістіктер, жеңістер тілеймін. Алаштың туы, рухы ешқашан аласармасын!
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




