- Advertisement -

Таразда жалған полицей ұсталды

37

- Advertisement -

Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын бақылау барысында Тараз қаласының полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің қызметкерлері полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқаған. Саябақта серуендеп жүрген жігіт полиция қызметкерлерін көріп, сасып қалған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған полицейдің 19 жаста екенін және оның Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болғаны белгілі болды. Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің нысанды киімін киген екен. Оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғанын тергеу анықтайтын болады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support