«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сотталғандар биометриялық бақылауда болады

Сотталғандар биометриялық бақылауда болады
ашық дереккөз
Сотталғандар биометриялық бақылауда болады
Облыс аумағында пробация есебінде 2 383 сотталған азамат бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жаза түрлерін өтеуде. Оларды қоғамға бейімдеу мәселесі басты назарда. Тұрақты жұмыспен қамту мен бақылауда ұстау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – биометриялық жүйе арқылы бақылау. Яғни, электронды бақылау білезігін тағу. Тараз қалалық 3-ші пробация қызметінің аға инспекторы Шолпан Акзымалиева: «Өңірдің пробация қызметіне 128 электронды білезік бөлінді. Заман игілігі жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертуі бар сотталғандарға тағылады. Осылайша, істі болғандардың әр жүріс-тұрысы арнайы жүйе арқылы күндіз-түні қадағаланады. Яғни, инспектор жұмыс орнында отырып жаза тағайындалғандардың іс-әрекетін планшет, ноутбук немесе мобильді телефон арқылы бақылай алады. Егер де жазасын өтеуші шектеу шараларын орындамаса немесе электронды білезікті бүлдірсе электронды құрылғы бірден дабыл береді», дейді. Электронды білезіктің қуаттылығы 2 күнге жетеді. Құрылғы су өткізбейді және антиаллергендік материалдан жасалған. Істі болғандарға бұл құрылғыны өз беттерімен шешуге тыйым салынады. Айта кету керек, бүгінде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 1579 адам тіркеуде тұр. Оның 598-і Тараз қаласы бойынша тізімге алынғандар. Сондай-ақ облыс прокуратурасы да сотты болғандарды бақылау мен жұмыспен қамтуды тұрақты бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері прокуратураның ұйымдастыруымен 3 жұмыс жәрмеңкесі өтіп, 159 азамат жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда, облыс аумағында биометриялық жүйелері толық көлемде 4 ауданда жұмыс атқарады, ал қалған аудандарда орнатылу үстінде. Аталған жүйелердің нәтижесінде Мойынқұм, Сарысу, Меркі және Қордай аудандарындағы есепті сотталғандардың арасында қайта қылмыс жасау деректері төмендеген, ал жұмыспен қамтылуы жоғарылаған. Маусым айының аяғына дейін облыс аумағында бұл бағыттағы жұмыс толық көлемде аяқталатын болады дейді прокуратура өкілдері.

Мавлида Абдулсаттарқызы, М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар