Жамбылдықтар каратэден де қара жаяу емес
Ел егемендігін алған тұстан күні бүгінге дейін әр аймақта білікті бапкерлердің шоғыры қалыптасты. Мысалы, Жамбыл өңірі белді былғары қолғап шеберлерінің ұстаханасына айналғалы қашан. Олар Олимпиада ойындарында, әлем, Азия біріншіліктерінде тыңнан түрен салып, ел мерейін үстем етті. Сол секілді облыста каратэге қызығатын жастар мен жасөспірімдердің де аяқалысы көңіл қуантарлық. Жуырда Киокушинкай каратэден IFK нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатында жасөспірімдер күміспен күптелді.
Испанияның Валенсия қаласында өткен аламанға 39 мемлекеттен 500-ге тарта спортшы қатысты. Әрине, айтулы жарысқа әлемнің әр қиырынан келген өрендердің қай-қайсысы да еліне олжамен оралғысы келетіні түсінікті. Жамбылдық спортшыларды топқа қосқан тәжірибелі бапкер Жасқайрат Шейреновтің де шәкірттері жанкүйерлердің сенімін ақтады деп айтуға болады. Нақтырақ айтсақ, 55 келі салмақта тәп-тәуір өнер көрсеткен Бейбарыс Асылбек, 60 келіде жасындай жарқыраған Мирас Тәңірберген сынды жасөспірімдер күміс жүлде жеңіп алды. 55 келіде төбе көрсеткен Камила Кемелбекова да ақтық сында сүрініп, күміске қол созды. Енді қарымды жасөспірімдер осы қарқыннан таймаса, бірер жылда ересектер арасындағы жарыстарға жолдама алатыны белгілі.
Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді