«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елді мекендердің еңсесі көтеріңкі

Елді мекендердің еңсесі көтеріңкі
ашық дереккөз
Елді мекендердің еңсесі көтеріңкі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы арқылы құзырлы органдарға берген жиырма тапсырмасының әрқайсысы мемлекетіміз үшін үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар бізді жайлы болашаққа, дамыған өркениетке, дағдарысқа қарсы тұрар тегеурінділікке бастайды. Бұл мақалада Елбасымыз адамзаттың барлық игілікке тек еңбек арқылы жететіндігін ерекше қадап айтқан еді. Осыған орай дүниеге келген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шапағатымен біздің ауданда көптеген жұмыссыз азаматтар еңбекке тартылып, өздерінің отбасылық бюджетін толықтырудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отыр.

27Күлшат Ермұхамбетова, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы.

Аталған бағдарламаның үш бағыты да ауылдағы жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға және аз қамтылған отбасы мүшелеріне арналған. Биылғы өзгеріс бойынша бағдарламаға еңбекке қабілетті мүгедек жандар да қатыса алады. Бағдарлама аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол үшін орталық мамандары әр ауылдық округтерге бекітіліп, алты маман шалғай ауылдарға іссапарға жіберілді. Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізіп, медиа-жоспарға сәйкес жергілікті газеттер арқылы бағдарламаға түсініктеме және оған қатысушылар туралы мақалалар жариялап отырдық. Осындай жан-жақты жүргізілген насихаттың және ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына аудан бойынша биыл 930 адам қатысушы ретінде тіркелді, оның ішінде бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша аудандағы нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 106 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жіберілді. 110 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, 85 адам шағын несие алып, өз істерін ашып еңбек етуде. 59 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 159 жас маман Жастар тәжірибесі арқылы жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 20 адам қайта даярлау курстарынан өтіп, 15 адам біліктілігін арттыру курстарын аяқтап жұмысқа орналасса, 30 азамат әртүрлі мамандықтар бойынша оқуларын жалғастыруда. Бағдарламаның үш бағыты бар. Бірінші бағыты – елді мекендерді дамыту. Бұл бағыт бойынша ашылған жұмыс орындарына 50 пайыздан кем емес сол ауылдағы жұмыссыз азаматтар жіберілуі тиіс. Біздегі бірқатар елді мекендерде салынып жатқан мектептер мен балабақшалар, дәрігерлік мекемелер тәрізді әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына көптеген жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылуда. Екінші бағыты – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағыт шағын несие ала отырып жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді. Оған ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар қатыса алады. Осы бағыттың өз бизнесіңді дамытуға жетіспейтін инфрақұрылымдарды жүргізуге мүмкіндік беретін тармағы бойынша биыл онға тарта шаруа қожалықтарының ең шалғайдағы қыстауларына шағын жел және күн электр стансалары орнатылуда. Мұндай игілікті пайдаланудың шарты бойынша шаруа қожалығы өндірісті дамыту, яғни отарымен мал өсіруді кеңейту мақсатында шағын несие алатын болса, инженерлік инфрақұрылымы үшін қосалқы техникалық жабдықты сатып алуға өтінімді қоса береді. Уәкілетті органның шешімімен шағын электр стансасын орнатуға лайық деп табылған шаруа қожалығы үшін техникалық жабдық мемлекет есебінен сатып алынып, бағдарламаға қатысушы ретінде шаруа қожалығының меншігіне беріледі. Осы мақсатпен биыл ауданға республикалық бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа ауданның бірнеше ауылдық округтеріндегі ең шалғайда орналасқан Д.Боранбаевтың «Дархан» (Кенен ауылдық округі), Б. Әбдірамановтың «Айбар» (Қордай), Қ. Өмірзақовтың «Данияр» (Қарасу), Ғ.Қарасартовтың «Итішпес», Т. Тұрғынбаевтың «Мәдина», Е. Жүнісовтың «Бірлік» (Масаншы), Б. Сүлейменовтің «Елдос» (Қарасай) шаруа қожалықтарына әрқайсысы екі-үш миллион теңге аралығындағы қондырғылар орнатылды. Жыл аяғына дейін тағы үш шаруа қожалығына несие бере отырып шағын электр стансаларын қоса орнатудың құжаттары дайындалды. Үшінші бағыты – жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар мен аз қамтылған отбасы мүшелерін оқыту және олардың жұмысқа орналасуына көмектесу. Сондай-ақ, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Яғни, азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еріктерімен көшуіне жәрдемдесу. Белгілі өлшемдерге сәйкес біздің ауданнан әлеуеті төмен елді мекендер тізіміне енгізілген шалғайдағы Бел ауылынан (Отар ауылдық округі) он сегіз отбасы Қордай ауылында арнайы салынған үйлерге қоныс аударды. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижелері ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға сеп болуда. Мүмкіндікті пайдаланып барша әріптестерімді қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймын!

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар