Головкин мен Альварес қайта кездеседі
Орта салмақта талай белді боксшыларды жеңіп, біріне-бірі тегеурінді қарсылас атанып жүрген Головкин мен Альварес екеуара үшінші жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Есте болса, қос боксшы бұған дейін екі мәрте кездесіп, бірі тең аяқталса, екінші жекпе-жекте Сауль Альварес төрешілер шешімімен жеңген. Әрине, кездесуден соң әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылып, Альваресті сынағандар да аз болмады. Енді үшінші кездесу сол алып-қашпа әңгімелерге нүкте қоятын сәт секілді. Өткен екі бәсеке де Лас-Вегас қаласында өтсе, енді алдағы айқас та сол қалада ұйымдастырылады деп күтілуде. Кездесу 17 қыркүйекке жоспарланған. Головкин мен Альварес супер орта салмақта жұдырықтасады. Осы санатта Альварес абсалютті чемпион саналады. Ал отандасымыз Генадий Головкин болса IBF, IBO және WBA super тұжырымы бойынша чемпион.
Сәндібек ПІРЕНОВ.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




