«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Депутаттар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Депутаттар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
ашық дереккөз
Депутаттар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линник облыста арнайы жұмыс сапарымен болып, алдағы референдумды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұжымы және студенттерімен кездескен депутаттар саяси науқанның мән-маңызын кеңінен атап өтіп, оның ел тағдыры жолындағы шешуші кезең екенін жеткізді. Оқытушылар мен студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісе отырып, референдумға қатысуда жастардың белсенділігі басым болуы керектігін айтты. Өйткені күні бүгін қолға алынып жатқан барлық істер мен жоспарлар ертеңгі күннің кемел болуының кепілі. Халық қалаулылары білім мекемесінен кейін ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен кездесті. Инспекция қызметкерлері депутаттармен пікір алмасу барысында референдумға бір кісідей қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіретінін жеткізді. Олар бұл шешімнің ел тағдырына әсер ететін айрықша маңызға ие екенін терең түсінетіндіктерін және Мемлекет басшысының реформаларын, Ата Заңға енгізілгелі жатқан өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын айтты. Депутаттар кездесулерден кейін №88 референдум учаскесінің дайындығымен танысты.

Мавлида Абдулсаттарқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар