Чемпиондарға құрмет

Чемпиондарға құрмет
ашық дереккөз
Чемпиондарға құрмет

Еліміздің мерейін әлемдік және құрлықтық додаларда абыроймен асырып жүрген жерлестерімізді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы да назардан тыс қалдырған жоқ. Таяуда ғана Литва астанасы Вильнюс қаласында өткен әлем біріншілігінде үлкен олжамен оралған қол күрес шеберлерін, жасөспірімдер арасында сары құрлық додасында жүлдегерлер санатынан көрінген шахматшыларды, Семей қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен Азия біріншілігінің жүлдегерін, көкпардан Қызылорда қаласында өткен жастар арасындағы чемпионаттың жеңімпаздарын басқарма басшысы қабылдап, құрмет көрсетті. Литвадағы әлемдік додада жастар сапынан Екатерина Ляхова, Лаура Кәрімбаева, Екатерина Тарасенко, Ардақ Қаныбайлар чемпион болып оралса, екі спортшымыз күміс медальді еншіледі. Ал, ересектер арасында Татьяна Верина, Вали Фараджов, Заир Ахмедов, Дәулетбай Қанибайлар алтын медальді еншіледі. Сондай-ақ, балғын шахматшылар додасынан Аида Айдарқызы, Бименді Жұмабаев, Дана Зульфухарова, Әлім Тоғызбайлар жүлдемен оралды. Бұдан бөлек қазақ күресінен Азия біріншілігінде қарсыластарын алып та, шалып та жыққан Бегімхан Әділбеков чемпион атанды. Осы спортшыларды және жас көкпаршыларды құттықтаған облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков жастарға сыйлығын ұсынып, олардың өңірдің ғана емес, елдің де мақтанышы бола берулеріне тілектестігін білдірді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Суретті түсірген Михаил ТЕ.

Ұқсас жаңалықтар