Михаил Кукушкин Кремль кубогының екінші кезеңіне шықты
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2014
- 480
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогының екінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші айналымда спортшы ресейлік теннисші Карен Хачановпен кездесті. Бұл матч 6:7 (3:7), 6:0, 5:2 есебімен Кукушкиннің жеңісімен аяқталды. Кездесу екі сағат төрт минутқа жалғасты. Екінші турға шығуға қазақстандық теннисшіге ATP рейтингіндегі 55 ұпай мен 9900 доллар көлеміндегі жүлде мүмкіндік берді. Екінші айналымда спортшы төртінші нөмірде тұрақтаған италиялық теннисшісі Фабио Фоньинимен кездеседі. Михаил Кукушкин жайлы басқа жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.
Кәсіпқой-теннисшілер Ассоциациясы (ATP) рейтингінде Михаил Кукушкин 11 сатыға көтерілді. Енді ол 74-орында. Айта кетейік, Шанхайдағы турнирдің "Мастерс" сериясында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпенкездесті. Олар жүлде қоры 4,2 миллион долларға жуық біріншіліктің ширек финалына шығуға таласқан еді. 2 сағат 18 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 4:6: 6:4 есебімен серб теннисшісінің пайдасына шешілді. Шанхайдағы жарысқа қатысуға қазақстандыққа ATP рейтингіндегі 90 ұпай мен 52,4 мың доллар көлеміндегі жүлдесі мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




