орын алмауы тиіс
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы құрған сарапшы топ аумақтағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2010-2020 жылдарға арналған республикалық «Балапан» бағдарламасының Тараз қаласы мен аудандардағы орындалу барысына талдау және зерделеу жұмыстарын жүргізген-ді.
Тексеру барысында бағдарламаны орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, облыс әкімдігі білім басқармасының, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері білім бөлімдерінің тарапынан едәуір жұмыс ауқымының атқарылғандығы анықталған. Егер бастапқы 4 жыл ішінде 13845 баланы балабақшамен қамту жоспарланса, іс жүзінде мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілген балалар саны 19735-ке жеткен. Алайда, ағымдағы жылы 10 балабақша, 4 шағын орталық қана ашылып, жоспарланған 3370-тің орнына тек 2065 бала ғана мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылыныпты. Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында қаралған «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасындағы 2012-2017 жылдарға арналған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аймақтық жоспарының орындалуы туралы мәселені қарау барысында облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың баяндамасында және партияның облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Еркінбек Солтыбаев пен облыс бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат Досматованың хабарламаларында бағдарламаны орындаудағы жоғарыда аталған жетістіктер мен 3-6 жас аралығындағы жас өскіндерді мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуда орын алған проблемалар кеңінен тілге тиек етілді. Басқосуды облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев ашып жүргізіп отырды. Партиялық комиссия отырысында шығып сөйлегендер бір ауыздан 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтудың аймақтық бағдарламадағы нысаналы индикаторының 5,8 пайызға асыра орындалғандығын атап көрсетті. Әйтсе де олардың басым бөлігі қалыптасқан жағдайдың сандық тұрғыдан алғанда ауыз толтырып айтарлықтай болғанымен, сапалық жағынан ақсап жатқандығын ашып айтты. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі Тараз қаласындағы мемлекеттік балабақшалардағы әр топта тәрбиеленетін бала санының 29-дан асатынын көрсеткен. Мысалы, бүгінде қаладағы жобалық қуаты 280 төсек-орындық №7 балабақшада – 432, №24 балабақшада – 425, №1 балабақшада – 375, №8 балабақшада – 385, №33 балабақшада 364 бала тәрбиеленуде. Тексеру барысында облыс орталығындағы мемлекеттік 39 балабақшада – 2505, ал 22 шағын орталықта 215 баланың мектепке дейінгі мекемелердің мүмкіндігінен артық қабылданып, соның салдарынан балабақшалар мен шағын орталықтарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылуына жол берілгендігі анықталған. Оның үстіне қаладағы 2011-2012 жылдары туылған, балабақша кезегіне қойылған балаларды өз реті бойынша мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру жұмысында да бұрмалаушылыққа жол берілгендігі белгілі болыпты. Сарапшы топ ағымдағы жылдың 27 тамызы күні қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тізімі жарық көрген 2011 жылдың 12 тамызына дейін туылған 300 баланың аты-жөнін Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің кезекке тіркеу журналындағы балалардың аты-жөндерімен салыстырып, зерделегенде 50 баланың кезегінен бұрын балабақшаға орналасуға мүмкіндік алғандығын ашқан. Ал 2012 жылы туылған балалар арасында кезегі келмеген 11 бала осындай жеңілдікке ие болыпты. Бұл – кезегі келіп тұрған 61 баланың балабақшаға орналасудан тыс қалғандығын білдіретін дерек. Сондай-ақ, мұндай келеңсіздік көрінісі 2009-2010 жылы туылған балаларға қатысты да орын алған. Партиялық комиссия отырысында жасаған хабарламасында комиссия мүшесі Еркінбек Солтыбаев басқосуға жиналғандарды жемқорлықпен күрес аясында балабақша кезегінде тұрған ата-аналардан анкета толтыру арқылы жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстырды. Респонденттердің 27,6 пайызы «Балалар бақшасына орналастыруда жемқорлық әрекеті бар ма?» деген сауалға балалар мектепке дейінгі мекемелерге тамыр-таныс арқылы орналастырылады деп жауап берсе, 18,8 пайызы пара беру және алу әрекеті бар деп жауап берген. Ал балабақшаға бала орналастыру үшін параны кімге беру қажеттігі туралы мәселеге келгенде, респонденттердің 29,3 пайызы балабақша меңгерушісіне, 33,8-і балабақша қызметкеріне, 13 пайызы қалалық білім бөлімі қызметкеріне, 8,4-і әкімдік қызметкеріне беру керек деп жауап қатқан. Жиында республикалық «Балапан» бағдарламасының орындалуы Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Меркі аудандарында да төменгі деңгейде қалып отырғандығы, облыста мектепке дейінгі білім мекемелерінде педагог-кадрлардың жетіспейтіндігі және сапалық құрамы деңгейінің төмендігі, балабақшалардың тәрбиеленушілері ата-аналарының жарнасы есебінен сатып алынатын азық-түлікпен лайықты түрде қамтамасыз етілмейтіндігі, сол сияқты, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту жөніндегі бағдарлама алға қойған міндеттерді орындау үшін Мойынқұм, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов аудандарында балабақшалар мен шағын орталықтарға санитарлық қағидалар мен эпидемиологиялық және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттардың бөлініп отырғандығы айтылды. Комиссия мүшелері алдында бағдарламаны орындаудағы жіберілген келеңсіздіктерге байланысты Тараз қаласының, Меркі және Т. Рысқұлов аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары қалыптасқан жағдайдың орын алу себептері хақында түсінік берді. Комиссия күн тәртібіндегі қаралған мәселені талқылай келе тиісті шешім қабылдады.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді