Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы 17 жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы күміс жүлдені иеленген болатын. Құрамында Светлана Иванчукова, Виктория Зябкина, Анастасия Тулапина мен Ольга Сафронова бар еліміздің әйелдер командасы 4×100 эстафетасында мәреге екінші болып жетті. Қазақстан командасындағы сол төрт қыздың бірі Светлана Иванчукова біздің Қордай ауданынан. Осында туып-өскен, аудан орталығындағы № 51 орта мектептің түлегі. Желаяқ жерлесімізді аудан әкімі Қайрат Досаев арнайы қабылдап, еліміздің жүлде қоржынына салған тамаша үлесі үшін аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, сый-сияпат жасады. Бұдан соң Светлана өзі оқыған мектепте болып сүйікті ұстаздарымен, оқушылармен кездесті. Өзінің спортқа келу жолдары, алдағы мақсаттары туралы айтып берді. Света небәрі 21 жаста. Ол әуелде мектептегі би үйірмесінде шұғылданғанымен, кейіннен жүрек қалауымен жеңіл атлетикамен айналыса бастаған. Он төрт жасында-ақ жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленіп, спорт шеберлігіне кандидат атанған болатын. Қазір Алматыда арнайы спорт мектеп-интернатында шұғылданады.
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




