Бірінші спартакиадада жамбылдықтар қарсыластарына дес берген жоқ
«Тараз-арена» спорт кешенінде өткен бірінші спартакиадада облыс командалары қарсыластарын қапы қалдырды. Спорттың төрт түрі бойынша сынға түскен жерлестеріміз өзге облыстан келген жастардан бір бас жоғары тұрды. Үстел теннисінен шеберліктерін таныта білген «Қазфосфат» ЖШС еңбеккерлері топ жарса, екінші орынды ақтөбеліктер, үшінші орынды шымкенттіктер иеленді. Ал шағын футболда ақтөбеліктердің мерейі үстем болса, «Қазфосфат» командасы екінші орынға, сарысулықтар үшінші сатыға тұрақтады. Бұл сында облыстың атынан екі команда бақ сынады. «Қазфосфат» спортшыларынан бөлек, «Қаратау» тау-кен өңдеу комбинатының өкілдері де өңір намысын абыроймен қорғады. Армрестлингтен де біздің жігіттер алда болды. «Қазфосфат» командасы тағы да өздерінің басымдығын байқатса, ақтөбеліктер бұл сында да екінші тұғырдан көрінді. Ал сарысулықтар үшінші орын еншіледі. Волейболда да «Қазфосфат» құрамасының десі басым болды. Жалпыкомандалық есепте біздің өңірдің қос құрамасы бірінші және үшінші орыннан көрінсе, ақтөбеліктер ортаға түсіп, екінші орынмен шектелді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, арнайы дипломнан бөлек, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді