Дзюдо күресінен Астана қаласында өткен кезекті гран при додасында жамбылдық жігіттер жарады. Азиадада ел намысын қолдан бермеген Елдос Сметов кезекті жеңісіне қол жеткізсе, Азиз Қалқаманұлы да жұбаныш кездесулерін сәтті өткізіп, қола медальді қанжығаға байлады. 60 келіде белдескен Елдос Сметов төрт кездесуде де иппон ұпайымен жеңіске жетті. Ол алдымен украиналық Денис Виличенконы, ресейлік өзбек Бахром Иноеатовты, ресейлік Дмитрий Куликовты таза ұтты. Ал финалда моңғолиялық Амартушвин Дашдавааны да иппонмен жеңді. Елдостың алдында қарсыластарының барлығы дәрменсіздік танытты. Инчхоннан кейін еш демалмастан жаңа додаға кірісіп кеткен Елдос осылайша жеңісті жорығын жалғастырды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




