Спорт және туризм
Құрманов тобы «Құрман» командасына ғана есе жіберді
- author «Ақ жол»
- 20 сәуір, 2022
- 1.1k
Құрманов тобы «Құрман» командасына ғана есе жіберді
Маңғыстауда кіші футболдан ҚР чемпионатының «Жұлдыздар лигасы» турнирінде Әулиеата өңірінен барған «Жамбыл» құрамасы жасындай жарқылдап, финалға дейін еркін жетті. Жерлес құраманың сапында жамбылдық айтыскер Нұрлыбек Құрманов пен танымал журналист Нұржан Туғанбай бар екенін айта кеткен жөн. Олар финалда астаналық «Құрман» командасына есе жіберіп, екінші орынды иеленді.
Бір сөзбен айтқанда, құрамында Құрманов ойнаған команданың «Құрман» командасына ғана әлі келмеді. Осы ойынға біздің облыстан команда баруына қолдау білдірген Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев, облыс әкімдігі жастар мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа бастаған азаматтардың ісі құптауға тұрарлық. Мұндай қолдаулар болса, ақындар мен өнерпаздардан құралған «Жамбыл» командасы талай жеңістерімен қуанта береріне сенімдіміз. Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




