«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлыбританиялық миллиардер "Челси" клубын сатып алуға дайын екенін растады

Ұлыбританиялық миллиардер "Челси" клубын сатып алуға дайын екенін растады
ашық дереккөз
Ұлыбританиялық миллиардер "Челси" клубын сатып алуға дайын екенін растады
  Басылым мәліметінше, Кэнди "Челсиді" сатып алу үшін америкалық серіктестерді тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол жақын арада клубтың "Ньюкаслға" қарсы ойынын тамашалауға бармақ.
"Біз хабарландырудың егжей-тегжейін зерттеп жатырмыз және ұсыныс жасауға мүдделіміз. Қазір барлық "Челси" жанкүйері үшін белгісіз кезең басталғаны анық", - деді Кэнди өкілі.
 
Жақында британ билігі "Челсидің" қожайыны Роман Абрамовичке қатаң санкциялар салған болатын, ол енді келісімнен ешқандай пайда алмау шартымен ғана клубты сата алады.
Үкімет берген төтенше жағдай лицензиясының шарттарына сәйкес, клубты сатуға болмайды, бірақ үкімет өкілі сатуға рұқсат беру үшін жаңа лицензия алуға өтінішті қарастыратынын растады.
 
Еске салайық, Абрамович клубты санкцияларға байланысты сатуды ұйғарған болатын. Ол сатудан түскен қаражат Украинадағы соғыс қимылдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар