Спорт және туризм
Промоутер Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі туралы айтты
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2022
- 707
Промоутер Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі туралы айтты
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қыркүйекте екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта дивизиондағы IBF титулының иегері Геннадий Головкинмен трилогия өткізеді деп үміттенеді, - деп хабарлайды Aqjolgazet тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл - үлкен жекпе-жек. Бұл жекпе-жектің артында үлкен құмарлық бар. Екеуі де жарылуға дайын. Тек жекпе-жекте ғана емес, тіпті бір-бірінің баспасөз мәслихатында да. Канело қарсыласы тым көп сөйлейтінін және оның ақысын төлейтінін айтқанын көрдіңіздер. Негізі оның олай сөйлегенін көрмегенбіз. Кейін Головкин: "Алғашқы екі жекпе-жекте жеңіске жеттім, тағы да қайталаймын" деді. Одан да мұндайды бұрын-соңды естімеген едік", - деді Хирн YouTube-те Behind The Gloves-арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, егер "Канело" Дмитрий Биволды, ал Головкин Риота Муратаны жеңетін болса, "онда мега жекпе-жек болады".
Еске салайық, сәуірде Головкин WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал "Канело" мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен WBA жеңіл салмақтағы белбеуі үшін жұдырықтасады.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




