Бауыржанда – күміс, Мағжанда қола жүлде
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан әлемдік «Grand Slam» додасында өз мүмкіндіктеріне қарай сәтті өнер көрсетуде.
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі медаль ұтып алды. 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде отандық қос дзюдошы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, Бауыржан Нарбаев жарыстың күміс жүлдесін иеленді. Бауыржан Нарбаев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, төрт кездесу өткізді. Ал жарыстың финалында украиналық Артем Лесюкпен кездесті. Екеуара кездесу өкінішке қарай, қарсыласының еншісіне шешілді. Мағжан Шамшадин қоланы қанағат тұтты.
Айта кетерлігі, 66 килограмда сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін белдесуде Украина спортшысы Богдан Ядовқа есе жіберді. Дзюдо мамандары осы Ғұсман Қырғызбаевтан да бір жүлде күткен болатын. Алдағы бәсекелерде мұнан да жоғары көрсеткіштер тіркеледі деген сенімдеміз.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




