«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Төртжылдықтың үздігі – Норвегия

Төртжылдықтың үздігі –  Норвегия
ашық дереккөз
Төртжылдықтың үздігі – Норвегия
Төрткүл дүние көз тіккен, төрт жылдықтың басты бәсекесі Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындары да мәресіне жетті. Жалпы командалық есепте 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медальмен Норвегия құрамасы көш бастады. Олар 35 медальмен жүлдені көп алған командалардың ең алдына шықты. Қоржынында 10 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші орында болса, үштікті АҚШ жауып тұр. Олардың еншісінде 8 алтын, 9 күміс, 6 қола медаль бар. Осылайша Норвегия қатарынан екінші рет қысқы Олимпиада көшбасшысына айналып отыр. Ал Қазақстан құрамасы бұл сайыста бір де бір медаль қоржынға сала алмады. Соңғы сәтте жарыс жолына шыққан конькишілер өнері де көңілден шықпады 1000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсекеде үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қорытынды есепте 11-ші орын алды. Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен жарысты 19-шы орында аяқтады. Конькишілер додасында Олимпиада рекордын жапондық Михо Такаги (1:13.19) орнатты. Ол алтыннан алқа тағынды. Екінші орынды нидерландтық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орынды америкалық Бриттани Боуи (1:14.61) иеленген. Ал шаңғышымыз Велигко Бейжіңдегі жарысын 43-і орынмен аяқтады.

Ұқсас жаңалықтар