«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Өрлеудің» мақсаты кәсіби біліктілік

«Өрлеудің» мақсаты   кәсіби біліктілік
ашық дереккөз
«Өрлеудің» мақсаты кәсіби біліктілік

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облыстық филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған «Бастауыш педагог-ұйымдастырушы мектебі» атты республикалық семинар өткізді. Педагогтардың кәсіби және әлеуметтік бейімделу үрдісіне ықпал етіп, тәжірибесін арттыруға және жоғары кәсіптік құзыреттілік деңгейін көтеруге бағытталған шараға білім беру мекемелерінің басшылары, педагог-ұйымдастырушылар қатысты. Ғылыми-тәжірибелік семинарды институттың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастық профессоры Ғалия Сыздықбаева ашты. Ол өз сөзінде ғылыми-зерттеушілік жұмыстың қазіргі білім берудіге маңызын айтып өтті. Сонымен бірге, ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы жолында бастауыш сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталды. Бұған қоса, семинарда қойылған міндеттерді шешу арқылы балалармен жұмыс жасауда педагог-ұйымдастырушының іс-әрекеттерінің, бағыттарының әртүрлілігін қалыптастыру, тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру мәселесі, сондай-ақ, педагогтарды инновациялық іс-әрекетке, тәрбиенің заманауи технологияларын меңгертуге дайындау, жеке шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ету сынды көптеген келелі мәселелер талқыланды. Тәжірибелі педагогтардың шеберліктерін насихаттап, әдістемелік білімдерін жетілдіруге көмектесу, бағалау, шығармашылық белсенділігін арттыру жайы да кеңінен сөз болды. Жамбыл аудандық Макаренко атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Байымбет «Педагог-ұйымдастырушының кәсіби тәжірибе алмасу кеңістігін ұйымдастыру» атты психологиялық тренингін өткізсе, «Өзін-өзі дамытудың шығармашылыққа әсері» таныстырылымын Тараз қаласының №12 Керімбай атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі жасады. Бес секция бойынша өткен семинар аясында осындай бағыттарды дамыту мақсатында түрлі шеберлік сыныптары, тренинг жаттығулар, коучинг-семинарлар өткізіліп, авторлық бағдарламалардың таныстырылымдары да болды. Негізінен, семинар жұмысы мемлекеттік саясат аясындағы педагог-ұйымдастырушылардың кәсіптік ұстанымын, инновациялық әрекетін, дамыту ортасының мүмкіндіктері арқылы оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттерін әлеуметтендіруін, өзін-өзі танудағы даму жолын айқындап берді. ҚР БжҒМ өкілдерінің, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, жетекші жоғары оқу орындары басшыларының, Назарбаев зияткерлік мектебінің және облыстық білім бөлімдері өкілдерінің қатысуымен қазақстандық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары, халықаралық стандартқа сәйкес республиканың педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін қамтамасыз ету мәселелері семинар аясында өткізілген «Әлеуметтік бағыт: тәрбие шеңберіндегі жаңа ресурстар» баспасөз мәслихатында кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, семинар аясында әдістемелік көрме, түрлі байқаулар жеңімпаздарының, аудандық және қалалық білім беру мекемелерінің жас дарындарының шығармашылық жұмыстары көрмесі, білім мекемелерінің мазмұнды табыстарының мультимедиалық таныстырылымдары, «Жүрегімнің жылуын балаларға беремін» байқауының жеңімпаздары марапатталған көрсетілімдер де ұсынылды. Сондай-ақ, семинарда бастауыш педагог-ұйымдастырушылардың кәсіптік іс-әрекетін құру, жетілдіру, дамыту туралы түрлі ұсыныстары кеңінен талқыланды.Семинардың тәжірибелік бағыты мұғалімдердің мектептегі ғылыми-зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру бойынша қажеттіліктерін арттыруға септігін тигізді. Республикалық семинар «Тараз – Шығыс мәдениетінің өлкесі» атты тақырыптық экскурсиялық бағдарламамен аяқталды.

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар