Оқушының жаңа тақырыпты терең түсініп, жалпы пәнді меңгеруі мұғалімге байланысты. Қазіргіні қайдам, біз мектепте оқып жүргендегі ұғым сондай еді. Көпшіліктің көзқарасы солай болған соң ба, кім білсін, сол кездегі ұстаздар толып жатқан талаптарды орындауды алдындағы шәкіртінің көңілінен шығып, тілтабысудан бастайтын. Ал бүгінгі педагогтардың айтатыны – бала өзі ізденуі керек. Дұрыс-ақ, бірақ Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ең жақсы оқулық та мұғалімді алмастыра алмайды. Жамбыл ауданы Гродекова орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сәуле Кәрімбаева осындай пікірді ұстанатындардың қатарынан. Ол білім берудің жаңа жүйесіне көшу тек ұстаздың кәсіби біліктілігінің арқасында ғана жемісті болатынын айтады. «Мұғалімнің балаға деген мейірімі, жауапкершілігі, ізденімпаздығы, сыныпты басқару шеберлігі қашан да маңызды. Бұл – білім беру үрдісіндегі өзгермейтін талаптардың бірі. Өйткені, педагогтың сабақ үстіндегі оқушылармен қарым-қатынасы оқытуды жүзеге асырудың аса қажетті шарты саналады», – дейді математик. Сәуле Досайқызы бұл талаптарды іс жүзінде орындай алатын мұғалім. Ол отыз үш жылдан бері оқушыларға арифметиканың төрт амалын үйретіп, математика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру үшін талмай еңбек етіп келеді. Кез-келген оқушымен тез тіл табысады. «Сәуле 1981 жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетін бітірген білікті маман. Өткен оқу жылында ол жетекшілік ететін 8-сынып «Ең үздік сынып» атағын жеңіп алды. Оның 17 шәкіртінің бесеуі үздік, жетеуі озат оқиды. Сыныбында өзін-өзі басқару ісі жолға қойылған. Соның нәтижесі шығар, олар мектеп бойынша жоғары білім сапасын көрсетіп отыр», – дейді Сәуле Кәрімбаеваның әріптесі Ж. Нысамбаева. Мектептің іс-шарасы Сәуле Досайқызының сыныбындағы өнерпаздардан құралған «Жайдарман» би тобынсыз өтпейтін көрінеді. Би тобының хореографы – Сәуле әпкейлері. Бұл – математиктің тағы бір қыры. В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан-дүниесіне үңіле білу болып табылады» деген екен. Мұны белгілі педагог осындай еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа, келер ұрпаққа өнеге болатын ұстаздарға арнап айтса керек.
Эльвира Жарылқасынова, «Ақ жол».
Жамбыл ауданы.
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді