Облыс орталығындағы сәулеті ерекше «Тараз-Арена» спорт сарайы пайдалануға берілгелі бері жамбылдықтар көптеген республикалық, халықаралық додаларды көріп, тамашалауға мүмкіндік алды. Соның бірі – Таразда тұңғыш рет өткізілген қазіргі көпсайыстан ел чемпионаты. Айтулы додада жеті өңірдің спортшылары сынға түсті. Жарыс аса тартысты өтті. Жалпы жүлде қоры бойынша бірінші орынға талас алматылықтар мен жамбылдықтар арасында жүрді. Жерлестеріміз басты қарсыластарынан бір алтын жүлдені кем алып, жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшыларына жол берді. Алматылықтардың олжалағаны – 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль. Жамбылдықтардың еншісіне тигені – 3 алтын, 6 күміс, 6 қола жүлде. Үздік үштікті 3 алтын, 1 күміс медальмен атыраулықтар түйіндеді. Қоржынымызға алтын салған спортшылар Алексей Полутин (қос алтын алды) мен Ришат Рачапов болды. Қостан медаль алған Абдулазиз Әбдукаримовтың да командамыздың алға шығуына тигізген көмегі көп.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




