Акробаттар алда
Ел біріншілігінде тараздық акробаттар үлкен жетістікке қол жеткізді. Жұптық және топтық сындарда спортшыларымыз 4 алтын, 1 қола жүлделерді жеңіп алды. Атап айтсақ, он екі және он сегіз жас аралығындағы қыздар арасында Юлия Просветова мен Вероника Сивоненконың жұбы және он бес жасқа дейінгі акробаттар тобында сынға түскен Аружан Қарабаева, Анел Нұржанова чемпион атанды. Үштікте өнер көрсеткен Диана Уляжанова, Диера Зуфарова, Анастасия Шнейдер де үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер жұбы – Алексей Цыганаш пен Арсен Түребеков те топ жарғандар қатарында. Тек аралас жұптағы үміткерлеріміз Данара Ерұланова мен Марлен Базидаев қана алға шыға алмады. Олардың еншісіне тигені – қола жүлде.
Жерлестеріміздің табысты өнер көрсетуіне дүбірлі доданың Тараз жерінде өтуі әсер еткені анық. Қалай десек те, олар өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысты.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




