«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Азияны аузына қаратқан қазақ жұдырығы

Азияны аузына қаратқан қазақ жұдырығы
ашық дереккөз
Азияны аузына қаратқан қазақ жұдырығы

Kazakhstan's Zhanibek Alimkhanuly fights Jordan's Odai Alhindawi during their men's middleweight 75kg gold medal boxing match at the Seonhak Gymnasium during the 2014 Asian Games in IncheonБіздің боксшыларымыз алты алтын алды Инчхон рингі қазақтың былғары қолғап шеберлерін мойындады. Иә, әлемдік бокс держава­ларының біріне балана­тын қазақ елінің бокс­шылары жартылай финалға сегіз салмақ бойынша жолдама алып, бір қола, бір күміс медаль еншілесе, қалған алты боксшы алтынмен апталды.

Шыны керек, «шыбындар» салмағында Біржан Жақып алаң қожайынына «мәжбүрлі» түрде жол берді. Дұрысы төрешілер Син Жохунға алтын жүлдені «тартып» әперді. Әйтпесе, Жақыпов жаман жұдырықтасқан жоқ. Ал 52 келідегі боксшымыз Ілияс Сүлейменов өзбек Шахободдин Зоровты жолдан тайдырып, Азиада чемпионы атанды. Бұдан кейін рингке беттеген команда капитаны Данияр Елеусінов те өзбек боксшысын ойнақтап жүріп, ұтты. Ал, 75 келінің серкесі Жәнібек Әлімханұлы йорданиялық Одай Риадтан айласын асырды. Қарсыласы үшінші раундта нокдаун да алды. Келесі салмақ дәрежесінен қазақ елі алтынды ұзақ күтті. Ылғи да күміспен күптеліп жүрген Әділбек бұл жолы өзінің шын мықты екенін рингте көрсетті. Шаршы алаң қожайыны Ким Хионг Кюді көк ала қойдай қылып сабаған біздің батырдан жеңісті ешкім жұлып ала алған жоқ. Әділбек чемпион! Әйтеуір, 81 келі салмақ дәрежесі де қазақ елінің жұдырығын мойындады. 91 келіде сынға түскен Антон Пинчук те алтыннан алқа тағынды. Иран боксшысын бұрыштан-бұрышқа қуған ол өзінің шын мәнісінде бәсі жоғары боксшы екенін айқындап берді. Ал  аса ауыр салмақта бақ сынаған Иван Дычко Азиада алтынын ақыры иеленді. Ол да ирандық Ясем Делевариді тізе бүктірді. Осылайша, қазақ боксшылары сары құрлық додасында керемет нәтиже көрсетіп, алты алтынды қанжығаға байлады. Каратэден де алтын медаль бұйырды. Гузалия Гафурова қарсыластарының бәрін оңай еңсеріп, еліміздің көк байрағын көкте желбіретті. Қазақ боксшылары бұл Азиадада бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Еншімізде 27 алтын медаль бар. Бұл рекорд! Ендігі Азиадада отыз алтын алсақ деген жоспар қоюға болатын сияқты енді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар