Рафаэль Надаль ракеткасын Елбасына тарту етті
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2014
- 769
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид
Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады.
Нұрсұлтан Назарбаев бұрын теннис дәстүрі болмаған біздің елімізде қазір спорттың осы түрін дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатқандығына тоқталды. Өз кезегінде теннисшілер елімізге келуге шақырғаны үшін алғыс айта отырып, Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Кездесудің соңында Рафаэль Надаль өзінің ракеткасын Елбасына тарту етті. Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга елімізге сапары аясында қазақстандық жас теннисшілерге – «Team Kazakhstan» академиясының тәлімгерлеріне шеберлік дәрісін өткізді және Астананың көрікті жерлерін аралап көрді. Рафаэль Надаль – испандық теннисші, Үлкен Дулыға турнирінің 14 дүркін жеңімпазы, 2008 жылғы Олимпиаданың жеке сындағы чемпионы, «Алтын дулыға», сондай-ақ Дэвис кубогының үш рет Испания құрамасы сапындағы иегері. Жо-Вильфрид Тсонга – кәсіпқой француз теннисшісі, ATP 15 турнирінің жеңімпазы, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы жұптық сындағы күміс жүлдегері, 2014 жылғы Хопман Кубогының Франция ұлттық құрамасы сапындағы иегері.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




