Тапсырма орындалды
Әлем елдерінде, оның ішінде біздің мемлекетімізде де коронавирустық инфекцияның таралуы үдеп бара жатқанын аңғарып отырмыз. Сондықтан да өңірдегі ахуалды үнемі назарда ұстап тұру қажет. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы бағытта арнайы тапсырма беріп, жауапты мамандарға қауіпті індетпен күрес шараларын ширатуды міндеттеген болатын. Осыған байланысты кеше аймақ басшысының орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен арнайы штаб отырысы өтіп, жауапты мамандардың есебі тыңдалды.
Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баяндама жасап, осы уақытқа дейін облыс аумағында COVID-19 індетін 5516 адам жұқтырғанын айтты. Ал пневмонияның 980 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 22 азамат дертке шалдықса, қазіргі таңда инфекциялық стационарда 462 науқас жатыр, оның 36-сы реанимацияда.
Осы басқосуда облыстың бас мемлекеттік санитариялық бас дәрігері Салтанат Әлібаеваның, «СҚ-Фармация» ЖШС облыс бойынша өкілі Айжан Тортаеваның, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Мавлюда Бокаеваның және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асхад Мүлкібековтің баяндамалары тыңдалды.
Жиында мониторинг топтарымен 291 рейд өткізіліп, 1347 нысан тексеріліп, оның ішінде 83 нысанда бұзушылықтар анықталғаны айтылды. Нәтижесінде, 11,5 млн. теңгеге 68 айыппұл салынған. Бұл орайда Жуалы, Байзақ, Сарысу, Меркі, Талас аудандарындағы мониторинг топтарының жұмысы сынға алынды.
«Өткен жиналыста мен барлық аудандарға үйлестіру орталықтарының жұмыстарын дұрыс ұйымдастару жөнінде тапсырма берген болатынмын. Әлі де бұл жұмыс жүргізілмеген. Динамика жоқ. Тек Т.Рысқұлов және Қордай аудандарында нәтижені аңғаруға болады. Сондай-ақ КВИ-ге қарсы күрес жұмыс қарқынын бәсеңдетіп, ақпараттандыру ісін ақсатып алған Тараз қаласы мен бірқатар аудан әкімдерінің орынбасарларына сөгіс беру, ал кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша да жұмысы ақсап жатқан Жуалы, Шу аудандары әкімдерінің орынбасарларына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде тәртіптік жаза беру жөнінде облыс әкіміне ұсыныс беремін», – деді жиында Ержан Жылқыбаев.
Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, КВИ-ге, пневмонияға шалдыққандардың саны күнделікті өсіп келеді. Осыған орай, облыстың барлық аумағында алдын алу шараларын күшейту қажет. Мониторинг топтарының қызметін жандандырып, рейд жұмыстарын жүргізу керек. Тәртіпке бағынбағандарды тиісті заң шеңберінде жауапкершілікке тартылуы тиіс. Осылайша, облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қауіпті індетпен күрес шараларын ширатуға байланысты берген тапсырмасы бойынша әр салаға нақты міндеттер жүктелді.
Асхат Райқұл
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




