Жаңалықтар
Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
- author «Ақ жол»
- 31 қаңтар, 2021
- 478
Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізетін болады.
Сондай-ақ сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
«Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т. б. вакциналауға жіберіледі. Вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егуді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері оқытылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




