Ескі техника есті шығарып тұр
Бүгінде жеке шаруашылық құрылымдарында баяғы ұжымшар мен кеңшарлардан қалған техникалар әлі де бар. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартпай жұмыс алға баспайтынын шаруашылық құрылымдарының басшыларының есіне салып, тиісті басқарма, аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп те келеді. Кеңес заманынан қалған трактор, комбайн, басқа да ауыл шаруашылық техникаларымен мол өнім алмақ түгілі, жер жыртып, егін еккенге шыққан шығынның өзін өтеу мүмкін болмай жатады. Ұсақ шаруашылықтардың жағдайы тіпті мүшкіл.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы к ү зд е г і « Жа ң а ж а ғ д а й д а ғ ы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі осында» деп атап көрсетті.
Президент жүктеген, Үкімет, облыс әкімдігі тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың нәтижесінде ұсақ шаруашылықтардың ірілене бастағанын «Ақ жолдың» бұған дейінгі нөмірлерінің бірінде жазғанбыз. Ал енді осы іріленген жеке шаруашылық құрылымдарын заманауи үлгідегі техникамен қамтамасыз етуге не кедергі? Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы Баймахан Пірімбаев «Облыста егін шаруашылығынан мол өнімге қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үш репродукциядан төмен емес, жоғары сапалы репродукциялы тұқымды қолдануды және ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайын жаңарту кезінде қажетті астық жинайтын комбайн мен тракторларды сатып алуларына облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев үнемі назар аударып келеді. Аудандық әкімдіктерге бұл мәселеде шаруашылықтарға т ү с і н д і р у ж ұ м ы с т а р ы н жүргізіп, қолдау-көмек көрсету тапсырылған», – дейді. Бөлім б а с ш ы с ы ш а р у а ш ы л ы қ жетекшілері заманауи үлгідегі озық техникаларды қымбатсынып, арзанын алып жататынын да алға тартты.
Қолдағы мәліметке қарағанда, былтыр жыл басында 18869 ауыл шаруашылығы техникасы болса, оның 987-сі комбайн, 4632 трактор және 13250 соқа, тіркеме, тырма және басқа да техникалар. Өткен жылы техниканы 10 пайызға жаңарту жоспарланыпты. Аудандар бойынша техниканың жаңару көрсеткіші былтырғы тоғыз айда 9,3 пайызды құрап, комбайн – 31, трактор – 216, басқа да техникалар 808-ге жаңарған. Оның ішінде «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 469,7 миллион теңгеге 47 «Беларус»тракторы, «СемАЗ» компаниясы арқылы 110,1 миллион теңгеге 12 трактор сатып алыныпты.
Ұ ж ы м ш а р м е н к е ң ш а р кезінде бір ауданның, тіпті бір шаруашылықтың өзі жыл сайын бірнеше комбайн мен трактор алатынын ескерсек, бүтіндей облыс үшін жаңадан сатып алынған техника теңізге тамған тамшыдай- ақ. Жер жыртып, егін салып, өнімін тасып, дала төсінде күн ұзақ тоқтаусыз жүрген соң, жыл өткен сайын темір тозып ескіреді, содан барып істен шығады. Бұдан соң мол өнім алу туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Тынымсыз еткен еңбектің еш кетпеуін қалайтын шаруашылық құрылымдарының басшылары жаңа техниканы алуды, оның ішінде озық үлгідегісімен өздерінің шаруашылықтарын қамтамасыз етіп отырса дейміз. Ондай техниканың егін ғана емес, мал шаруашылығын өркендетуге де тигізер пайдасы зор.
– Биылғы жылдың өніміне егілетін жаздық дақылдар бойынша тұқым дайындығы масақты майлы және картоп дақылдары бойынша – 87,9 пайыз орындалып отыр. Жаздық арпа дақылы бойынша 92,8 пайызға, мақсары майлы дақылы бойынша – 88,5, картопта – 85, 5 пайыз. Қалғанын тұқым өндіруші шаруашылықтардан және тұқым жеткізуші компаниялардан сатып алу көзделуде. «АgroЭкперт-АS» ЖШС-ның биылғы жылдың өніміне күздік дақылдар бойынша берген мәліметіне сәйкес, аудандардағы тұқым зертханаларына келіп түскен тұқымның көлемі 38778 тонна. Оның барлығы 100 пайыз тексеруден өткізіліп, тексеру қорытындысы бойынша тұқымның кондициялығы жағынан бірінші класы 17752 тонна, екінші класы да осынша мөлшерде 46 пайыздан құраса, үшінші класы 3277 тонна, 8,4 пайызды құрап отыр. Қант қызылшасы бойынша бүгінгі таңда «Тараз ӘКК» АҚ арқылы биылғы өнімге егілетін көлемге қажетті тұқыммен қамт амасыз ету жұмыст ары жүргізілуде. Аудандардан егілетін егіс көлемдерінің жоспарына сәйкес, қажетті тұқым көлемінің ақпараттары ұсынылды. 6100 гектар алқапқа қажетті тұқым көлемі 9150 себу бірлігін құраса, оның «Тараз ӘКК» АҚ-ғы қалдық көлемі 3030 себу бірлігінен, ал қалған қажетті тұқым көлеміне басқа да тұқым жеткізуші компаниялардан сұраныс жасалуда, – деді Б.Пірімбаев.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы аудандарға жеткізілген тұқым үш класқа бөлініп, 100 пайыз тексеруден өткенін осылай хабардар етті. Егер жыл сайын шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп отырса мол өнім алуға мүмкіндік туар ма еді. Айтпақшы өткен жылы пияз және қызылшадан рекордтық өнім жиналса, масақты дәнді дақылдардан алынған өнім де көңіл қуантады. Мұнда картоптың өнімділігі төмен болды. Облыста картопты ең көп егетін Жуалы ауданының шаруашылықтары биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ы қ п а л е т у і м е н Қ а р а ғ а н д ы облысынан 1000 тонна сапалы тұқым алуға қол жеткізгендерін айтады. Нәтижесі күзгі жиын- теріннен соң белгілі болар.
Енді екі айдың шамасында дала төсі дүбірге толып, көктемгі дала жұмыстары басталады. Егін салып, бау-бақша өңдейтін диқандар мен бағбандарға қолдағы техникасына дизель отыны қажет. Үкімет тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына облысқа 31393 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлініпті. Бүгінгі күнге операторлардың берген мәліметіне сәйкес, жалпы бөлінген кепілдендірілген дизель отынының 28876 тоннасына қаржы аударылып, 24724 тоннасы жеткізіліпті. Оның таратылғаны – 12296 тонна. Оның ішінде 1329 тоннасына веб- портал арқылы өтінім беріліп, алыныпты. Дегенмен, пилоттық режімде өтінімдерді электронды «Қолдау КЗ» веб-порталы арқылы қабылдау бірінші рет қолға алынған соң, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің электронды қолтаңбалары, жер учаскелері және порталдағы ауыспалы егіс көлемдерінің есебін дұрыс жүргізе алмай біраз қиындықтар туындап жатса керек. Бұл мәселеде аудандық әкімдіктер тезірек шаруаларға көмек қолын созбаса кеш қалуы мүмкін.
P.S: Биылғы жылдың жазғы-күзгі дала жұмыстарына аудандар тарапынан 21,76 мың тонна кепілдендірілген дизель отынына сұраныс жасалыпты. Көктемгі дала жұмыстарына 11,57 мың тонна, күзгі дала жұмыстарына 10,18 мың тонна сұраныс жасалған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 69 пайызды құрап, нақты айтқанда 9,64 мың тоннаға азайып кеткен. Сонда қалай, жер баптап егін салатын шаруалар ата кәсіптен қол үзе бастағаны ма? Дизель отынына деген сұраныстың кемігені осыған меңзейді. Әлде ерте көктемнен бастап, ала-жаздай тынымсыз еткен бейнеттің өтеуі болмайды дегені ме? Жоқ әлде жүруінен тұруы көп, 40-50 жылғы бұрынғы ескі техника титықтатып, сапасыз тұқымнан ығыр болды ма екен?
Амангелді Әбіл
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




