Жаңалықтар
Есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам құрықталды
- author «Ақ жол»
- 15 қаңтар, 2021
- 577
Есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам құрықталды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері ерекше режимдегі түзеу мекемесіне жақын жерде (10 метрге жуық) есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты құрықтады.
Ұсталғандарды тінту кезінде И есімді азаматтың күртешесінің оң қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші О есімді азаматшаның рюкзактарынан 21 дана полиэтилен түйіншектері табылып, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар екендігі анықталды. Ұсталғандардың айтуынша, полиэтилен пакеттеріндегі зат «жылдамдық» синтетикалық есірткі заты болып табылады.
Аталған оқиға бойынша Тараз қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазіргі таңда тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Заманмен үндес басылым шежіресінің жарқын беттері
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




