Жаңалықтар
Өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды алдын ала анықтайтын құрылғы қолданысқа енді
- author «Ақ жол»
- 15 қаңтар, 2021
- 690
Өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды алдын ала анықтайтын құрылғы қолданысқа енді
Өңірде пробация қызметінің есепте тұрған азаматтардың психо-эмоциялық жағдайын тез арада анықтайтын құрылғы қолданысқа енді. «Ақсұңқар» тестілеу кешені Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің ғимаратында орнатылды.
– Бүгінде психолог мамандар есепте тұрған азаматтардың психологиясын тексеруді жаңа технологияға көшіру үшін жұмыс атқаруда. Айта кету керек, аталған аппарат заманауи үлгіде озық технологиямен жабдықталған. Мамандардың сөзінше, осындай әмбебап құрылғының тигізер пайдасы мол. Жаңа құрылғы бір адамды 20 минут ішінде тесттен өткізіп, нәтижесінде айна қатесіз шығаруға қауқарлы. Бұған дейін, қолданыста болған әдіс арқылы есептегі азаматтың психо-эмоциялық жағдайын тексеру үшін 5-6 сағат кететін. Компьютерлік технологияның ұтымды тұсының бірі азаматтармен кеңінен жұмыс жасауға жол ашпақ, - деді Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Ғалым Әбдіразақов.
Жалпы, «Ақсұңқар» тестілеу кешені суицидтың алдын-алуда, пробация қызметінің есебіндегі өз өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды күні бұрын анықтауға және психикалық дәрежесін білуге таптырмас құрал.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




