«Коронавирустың әсері азаяды»
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев коронавирусқа қарсы вакцина індеттің әсерін азайтатынын айтады. Оның айтуынша, алдағы уақытта коронавирус жойылмайды, вакцина арқылы оның әсерін азайтуға болады. «Вакцина – коронавирусты жұқтырмаудың, алдын алудың бірден-бір жолы, қорғаныс құралы. Қазір әлемде вирусқа қарсы бірнеше вакцина тіркеліп үлгерді. Біздің QazCovid-in қазақстандық вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Осы орайда бірқатар шенеунік – Асхат Аймағамбетов, Бердібек Сапарбаев, Ерлан Қарин секілді азаматтардың оны ерікті ретінде салғызғанын естіп, біліп отырмыз. Өз басым бұны құптаймын», - дейді Жақсылық Досқалиев. «Менің ойымша, коронавирус мүлдем жойылып кетпейді. Болашақта сынақтан өткен вакциналардың арқасында оның әсерін азайтуға болады. Оған халықты жаппай вакциналау арқылы қол жеткізуге болады. Жұрттың 80% -ында ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде вирус бәсеңдеп, оның зияны азаяды. Ел азаматтары дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне құлақ түріп, санитарлық-қауіпсіздік шараларын сақтаса, індетті жеңу де қиын емес. Бәрі өзімізге байланысты», – дейді Жақсылық Досқалиев. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




