Израильдің емханаларының бірінде өзгеше жағдай орын алды. Литвадан келген сырқат басына ота жасалып жатқан кезде скрипка ойнаған. Наоми Элишув есімді скрипкашы тремор (қолы қалтырауық) дертіне шалдыққан болатын. Осыдан соң, оркестрда ойнау мүмкіндігінен айырылған. Дәрігерлер оның миына электростимулятор құрылғысын орнатуға бел байлайды. Ота кезінде әйелдің ми қабығын ашқанымен, Наоми есін жоғалтпайды. Ол тіпті, қолына скрипкасын алып, Чайковский мен Моцарттың туындыларын ойнайды. Бұл аралықта дәрігерлер оның жүйке импульсін анықтап, мидың тиісті бөлігіне аталған құрылғыны орнатады. Науқас музыка ойнаудан ерекше ләззат алып, ауруын елемейді. Ота сәтті аяқталып, скрипкашының қолы қалтырағанын қояды. Оған ота жасаған Й. Фрид әйелдің тапқырлығы мен табандылығына таңқалғанын жасырмады. Сонымен қатар, атақты классиктердің шығармаларын тыңдап, рахат алғанын да жасырмады. Ол үшін әйелге алғысын да білдіреді.
Шынар Әлібекқызы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




