Қытайдың ғылым академиясы адамның түрін дәл танитын төлем картасын жасады. Онда тұлғаның барлық ерекшелігі ескерілген. Бұл жүйе әлемдегі ең үлкен азиялық тұлғалардың мәліметтер базасына ие көрінеді. Онда 50 миллионнан аса жазба бар. Мәліметтер базасы шетелдік жоғары оқу орындарының көмегімен жасалды. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, аталған жүйе мәліметтер жинаудың өзгеше технологиясына ие. Бүгінде адамның жүзін тану технологиясы түрлі салада қолданылады. Шекаралық бақылау, есепке алу және жұмыс орнына кіру қондырғыларында кездеседі.
Жаңа жүйенің артықшылығын пайдаланғыңыз келсе, өзіңіздің мобильді құрылғыңызға арнайы қосымшаны орнатып, оған банктегі есепшотыңызды немесе картаңызды енгізіңіз. Ол бір секундтың ішінде, яғни, қас-қағым сәтте адамның жүзін таниды. Адам түрінің шынайылығын арнайы алгоритм қамтамасыз етеді. Яғни, сурет көрсетіп немесе нақты адамның бейне жазбадағы түрін көрсетіп, оны алдай алмайсыз. Сонымен қатар, автоматты түрде адам бойындағы өзгерістер қадағаланып отырады. Мәселен, түр-келбетіңіздегі, шашыңыздағы, тіпті қартаю процесстері де тіркеледі.
Айша АРМАНҚЫЗЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




