
Жасанды аяқпен жүгіруге де болады
Аяғынан айырылғандарға арналған жасанды протездер қозғалған кезде қолайсыз әрі бұлшық етті ауыртады. Өз денеңнің бір мүшесіндей болмай, еркін қимылдауға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселені шешу үшін басын қатырып жүрген ғалымдар кибернетикалық тәсілге жүгініп көрді. Нәтижесі, ғаламат! Сөйтіп, лондондық ғалымдар шолақ аяққа киюге болатын ыңғайлы жасанды аяқ ойлап тапты. Мұның ең басты айырмашылығы, сүйекпен бітісіп кететіндігінде. Яғни, бірден сүйекке жалғанады да терімен қапталады. Сүйекпен тікелей байланысып, протез арқылы аяқтың сезімталдығы артады. Мұны салдырған адам денесінің бір мүшесіндей оны өмір бойы алып жүреді. Киіп, шешіп жатудың да қажеті жоқ. Ең бастысы, еркін жүріп-тұруға, аяғы бар адамдар секілді секіріп, тіпті, жүгіруге де болады.
Алғашқылардың бірі болып өз еркімен осынау жасанды аяқты салдырған Марк О’Лири есімді мүгедек осынау жаңа технологияны ойлап тапқан ғалымдарға шексіз алғысын білдірді. Ғалымдар оны әлі де жетілдіру керек деп отыр.
Шынар Әлібекқызы,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Әр минутының берекесі бар қала
- 5 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді