Жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылуда
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2020
- 562
Таразда сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылуда
Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінде тіркелген 5 сотталған азаматқа қатысты соттың үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасы тағайындалған. Сот үкіміне сәйкес, сотталушылар жергілікті атқарушы органдар анықтаған жерлерде (тәулігіне 4 сағаттан аспайтын) жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, олар қаланы абаттандыру үшін «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қоғамдық жұмыстарды атқарады.
Бұл жылы қалалық №3 пробация қызметінін тіркеуінен 535-тен астам сотталғандар өтіп,, оның 52-сі қоғамдық жұмыстарға тартылған. 43 сотталған азамат сот үкімімен белгілеген уақытта жұмыс істеп, тіркеуден шығарылған. Айта кетейік, егер сотталған жұмысқа орналасса, пробация қызметкерлері жұмыс орнына негізгі жұмысынан босатуды талап етіп, хат жібереді.
- Сот үкімі орындалмаған жағдайда, яғни сотталған адам жұмысқа кіріспесе, сот жүктеген міндеттерді елемейтін болса, пробация қызметі сотқа жазаны қамауға алмастыру үшін материал жіберетіндігін атап өткен жөн. Мәселен, биылғы жылы 4 сотталған қамауға алынды. Сотталғандар айналысатын жұмыс біліктілікті қажет етпейді. Осылайша, сотталғандар жазаларын қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Сотталғандар бұл жазаны тұрғылықты жерінде өтейді. Яғни, егер ол облыс орталығында тұрса, онда ол қай жерде қылмыс жасағанына қарамастан, сол тұрғылықты мекен-жайының маңындағы қоғамдық жұмысты атқарады, - дейді Тараз қалалық №3 пробация қызметі бөлімінің бастығы Қуаныш Қалық. Гулназ Бахтьярова, Тараз қалалық №3 пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді