Жаңалықтар
АҚШ-та президент сайлауынан кейін наразылық акциялары басталды
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2020
- 541
АҚШ-та президент сайлауынан кейін наразылық акциялары басталды
АҚШ-тың бірқатар қалаларында 3 қарашада өткен президенттік сайлаудан кейін наразылық акциялары бұрқ ете қалды. Нью-Йорк көшелеріне шықққан жүздеген адам; "Әр дауысты сана!" деп айқайлады.
Куәгерлердің айтуынша, наразылық білдірушілердің көпшілігі - Демократиялық партияның кандидаты Джо Байденнің жақтастары.
Ал Мичиган штатындағы Детройт қаласында республикашыл кандидат Дональд Трамптың жақтастары көшеге шықты. Жиналғандар бюллетеньдер өңделіп жатқан ғимаратқа қарай беттеді. Демонстранттар дауыстарды санауды тоқтатуды талап етеді.
Бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың штаб-пәтері Висконсин, Мичиган және Пенсильваниядағы сайлау нәтижелеріне күмән келтірген болатын. Саясаткердің адвокаты Рудольф Джулианидің айтуынша, бақылаушыларға бюллетеньдерді қарауға рұқсат берілмеген. Адвокат демократтарды сыбайластыққа және "өлі жандар" мен манекендердің көмегімен дауыс берді деп айыптады.
Жалпы сайлау күні АҚШ-та 3 қарашада өтті. Ел азаматтары президент пен вице-президентті, сондай-ақ 35 сенаторды, Конгресс өкілдерін, 13 әкім мен жергілікті үкіметтің өкілдерін сайлады. Қазіргі мемлекет басшысы, республикашыл Дональд Трамп пен Барак Обаманың кезінде вице-президент болып қызмет еткен демократ Джо Байден жоғары лауазым үшін күресуде.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




