Жаңалықтар
«G-Global» Жамбыл облысында екі жобаны жүзеге асыруға дайын
- author «Ақ жол»
- 3 қараша, 2020
- 583
«G-Global» Жамбыл облысында екі жобаны жүзеге асыруға дайын
Таразда Жамбыл облысының әкімдігі мен «G-Global» халықаралық хатшылығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар G-Global платформасында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсім, инвестицияларды тарту, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика, туризм және экотуризм саласында бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендіктерін растады.
Жамбыл облысы әкімдігінің атынан меморандумға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, «G-Global» хатшылығынан – оның басшысы Серік Нөгербеков қол қойды. Қонақтар өздерінің екі маңызды жобаларын таныстырды. Олардың біріншісі «Sirius market» экожүйесін тестілік режимге енгізуді көздейді десек, ондағы мақсат – делдалдарды араластырмай, түрлі мақсаттағы тауарларды өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу болып табылады.
Екінші жоба қазіргі заманғы әдіснаманы қолдана отырып, амбулаториялық жағдайда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге байланысты. «Біз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды әрдайым қолдаймыз. Бізге жаңа идеялар мен жаңа технологиялар қажет. Бізде ауқымды инвесторлармен жұмыс тәжірибесі бар. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Б.Сапарбаев.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




