Таразда іздеуде жүрген екі қылмыскер қолға түсті
Жамбылдық полицейлер іздеуде жүрген екі қылмыскерді қолға түсірді.
Тараз қаласындағы ПБ-2 криминалдық полициясының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қылмыстық іздеуде жүрген 32 және 50 жастағы екі қылмыскерді құрықтады. Екі азаматтың да қылмыстық сипаттағы әрекеттері үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүргендігі анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында екі адамның да тұрғылықты жері анықталды. 50 жастағы ер адам бұған дейін алкогольдік мас күйінде болғаны үшін лицензиясынан айырылғанына қарамастан көлік құралын басқарғаны үшін, 32 жастағы ер адам басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін іздеуде болды. Екеуі де сотқа келуге міндеттілді», - делінген хабарламада.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




