Жаңалықтар
Абақтыға тыйым салынған зат кіргізбек болған әйел ұсталды
- author «Ақ жол»
- 29 қазан, 2020
- 568
Абақтыға тыйым салынған зат кіргізбек болған әйел ұсталды
Оқиға Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде орын алған. Мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған затты кіргізбек болған азаматшаның қитұрқы әрекетін режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет сержанты Бағлан Тілеу, тексеру бөлмесінің жедел уәкілі әділет капитаны Назгүл Жампозова және 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы сержант Ақнұр Джалишева әшкереледі.
Мамандар түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлымен ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматшаның косметикалық бұйымдарын тексеру барысында «Beeline» байланыс операторына тиесілі 1 дана sim-картаны тауып, тәркіледі. Қазіргі таңда бауыр еті баласы үшін заңбұзушылыққа барған 53 жастағы азаматшаның үстінен ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 481 бабы бойынша тиісті құжаттар толтырылып, іс сотқа жолданды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіҰқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




