Жаңалықтар
Жамбылда жергілікті тұрғыннан сирек кездесетін сексеуіл тәркіленді
- author «Ақ жол»
- 29 қазан, 2020
- 583
Жамбылда жергілікті тұрғыннан сирек кездесетін сексеуіл тәркіленді
Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енген сексеуіл тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні ұстады.
«Браконьер» іс-шарасы кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері Мойынқұм ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатып, одан көлікке тиелген Қызыл кітапқа енгізілген сексеуіл ағашын тәркіледі.
«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.
Тәркіленген сексеуіл процессуалдық шешім қабылданғанға дейін сақтау үшін Мойынқұм ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қоймасына тапсырылды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




