Жаңалықтар
Жамбыл облысында жасырын қоймадан 9 қап есірткі табылды
- author «Ақ жол»
- 30 қазан, 2020
- 536
Жамбыл облысында жасырын қоймадан 9 қап есірткі табылды
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жасырын қоймадан тоғыз қап есірткі заты табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Шара барысында Тұрар Рысқұлов ауданының құмға жақын маңдағы аймағында есірткінің жасырын орнын қазу кезінде Тараз қаласының 29 және 37 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жасырын қоймада жалпы салмағы 68 келі 450 грамм «кептірілген марихуана» салынған 9 полипропилен қап табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген ведомство хабарламасында.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Тұрар Рысқұлов АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




